
1977 жылы қарақшылықпен аты шыққан Гэри Гилмор есімді қылмыскер ату жазасына кесілген. Өлім жазасын орындау алдында оған соңғы сөзін айтуға рұқсат етіледі. Сол сәтте Гилмор еш қобалжымастан: «Let’s do it» («Кеттік, істейік») деген қысқа ғана сөйлем айтады. Кейін осы сөз тіркесінен «Nike» компаниясы шабыт алып, әйгілі «Just Do It» ұранының пайда болуына негіз болды. Бұл тіркес содан бері батылдықтың, табандылықтың нышанына айналды.