
Мерекелік жарыстың ашылу салтанатытаңертең Тобыл жағалауындағы алаңда өтті. Іс-шара барысында әуелі Мемлекеттік Гимн орындалды. Одан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Қарымсақова көпшілікке құттықтау сөзін арнады.
«Бүгінгі іс шараның ерешке мәні бар. Бүгін біз бір халық, бір команда болып бейбітшіліктің, келісім мен өзара ынтымақтастықтың жолымен жүгіріп өтеміз. Бұл, әсіресе, біздің Қостанай облысында ерекше маңызға ие. Біздің өңірдетатулық пен достықты ту еткен 50-ден астам этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Ассамблея отыз жыл бойы бірлік пен келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді. Бүгінгі іс-шара – осының жарқын дәлелі. Мұнда түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, спортшылар мен қала тұрғындары жиналды. Баршамызды біріктіретін ортақ дүние бар. Ол – Отанға деген махаббат, бір-бірімізге деген құрмет, ынытмақ-бірлікке деген ұмтылыс», деді Динара Қарымсақова.
Құттықтау лебізін одан әрі ҚХА мүшесі, спорт ардагері Қалқаман Жақып жалғады. Одан кейін төреші Құрманай Есіркепов жиналғандарға жарыстың бағдарламасы мен ережесі түсіндіріп өтті.
Жарыс барысында инклюзивті спортшылар 500 метрге, жасөспірімдер 1,1 км, 16 жастан асқанспортшылар 8 шақырым қашықтыққа жүгірді.
«Бірлік жүгірісі» тек Қостанайда ғана емес, сондай-ақ Рудный, Тобыл, Жітіқара, Лисаков, Арқалық қалалары мен барлық аудан орталықтарында өткенін айта кеткен жөн.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараларды елдің бірлігін нығайтып, ынтымағы жарасқан жұртты жаңа жетістіктерге жетелейтін игідәстүрге айналдыру маңызды.