Басылым • Кеше

Алаш тақырыбы – көркем шығармаларда

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары жекелеген зерттеулерді былай қой­ған­да, Алаш тақырыбының шет
жа­­ғасы көркем шығар­ма­лар­да көрініс таба бастағаны қуан­тады.

Алаш тақырыбы – көркем шығармаларда

Мәселен, былтыр «Фо­лиант» баспасынан танымал ақын Әбу­бәкір Қай­ранның «Байтақ» атты кітабы шықты. Онда ақын­ның өлеңдерімен қатар, «Семей» және «Арзу» поэмала­ры жарияланған. «Семей» поэ­ма­сының «Алашорда» атты бір тарауы біз сөз еткен тақы­рып­қа арналса, «Арзу» атты лирикалық поэма тұтасымен Алаш тақырыбын арқау етіпті.

2024 жылы жарық көрген тағы бір эссе форматындағы кітап – белгілі жазушы Ди­дар Амантайдың «Ахмет Бай­тұрсынұлы: тіл мұраты, бол­мыс философиясы». Бұл да осы Алаш тақы­ры­бынан тамыр тартады. Онда Ақаңның еңбегі ой-зерде, таным, парасат тұрғысынан талданады. 

Алаш тақырыбын арқау еткен тағы бір туынды – 2025 жылы шыққан  жазушы Қайсар Әлімнің «Аты­луын күткен алты күн» романы. Онда өлім жазасына кесілген алашордашы Сейдәзім Қадырбай өмірінің соңғы сәті суреттеледі. Ол – Торғай өңіріндегі Алаш­орда қозғалысының қай­ратк­ері. Алашордашылар туралы деректерде, Міржақып Дулат­ұлының қызы Гүлнәр Дула­то­ва­ның естеліктерінде есімі жиі аталады.

Осындай Алаш тақы­рыбындағы көркем және танымдық дүниелердің көбейе беруіне тілектеспіз.