Өшпес даңқ • Кеше

Ерлікті дәріптеген комикс

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбелік студент жасанды интеллектінің көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасап шығарды. Көркемай Елеусіз бұл ерекше жобасын қазақтың қайсар қызының туғанына 100 жыл толуына орай әзірлеген. Автор батырдың ерлігі мен өмір жолын жеңіл, көркем әрі тартымды форматта ұсынған.

Ерлікті дәріптеген комикс

Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында 2-курс оқитын Көркемай комикс идея­сын жүзеге асыру барысында жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өміріндегі маңызды оқиғаларды мек­теп оқушыларына түсінікті әрі әсерлі етіп бейнелеуге тырысқан. Жоба жас оқырманның патриот­тық сезімін оятуды көздейді.

па

– Қазір комикс жасөспірімдер арасында жай ғана суретті кітап емес, бұл тәрбиелік мәні бар, шабыт сыйлайтын құралға айналды. Осыны ескеріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосқым келді. Осылайша, тарихи деректерге сүйеніп Әлия Молдағұлованың майдандағы ерлігін қысқа эпизодтармен жаңа формада ұсындым, – дейді К.Елеусіз.

Жоба Ғылым және жоғары білім министрлігінің назарына ілігіп, ресми парақшасында жарияланды. Болашақта автор бұл форматта басқа да қазақ батырлары туралы сериялар әзірлеуді жоспарлап отыр.