
Мұндай бал өндірісінде химиялық қоспа, пестицид және антибиотик қолданылмайды. Балды өндіру үшін омарта маңындағы 3–5 шақырым радиустағы өсімдіктер де экологиялық таза болуы қажет.
– Органикалық бал – денсаулыққа пайдалы, табиғи әрі сапалы өнім. Өнім Латвиядағы Рига шаһарында сертификатталған. Еуроодақта аккредиттелген. Өнімге талап жоғары. Жылда сертификат жаңартамыз. Осылайша, қоспасыз балдың сапасы сүзгіден өтіп тұрады. Елімізде мұндай кәсіппен айналысатын екі-ақ өндіруші бар, соның бірі – біз, – дейді Дия Көшкенқызы.
Өнімдерін брендке айналдыруды көздеген ерлі-зайыпты тұрақты тұтынушылар үшін жеңілдіктер де ойластырған. Мәселен, тұтынушы 10 кило бал алса, оған ынталандыру мақсатында тағы бір килосын тегін береді. Іскер омарташы алдағы уақытта аралар санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Өнімдерін әлеуметтік желідегі парақшаларында жарнамалайды. Кәсіпкердің сапалы балы өзге өңірлерде де сұранысқа ие.
«Кәсіпті бастаған жылдары кездескен кедергіні еңсеріп, отбасымыздың күшімен алға қадам басып келеміз. Тұрақты клиенттеріміз үздіксіз өнім алдырады. Солар арқылы тапсырыс беріп жатқандар да көп. Өніміміз махаббатпен әзірленгендіктен оның өтімі де жеңіл жүріп жатыр», дейді кәсіпкер Дия Көшкенқызы.
Қарағанды облысы