
«Sensitive» туралы «Егеменге» бұрын бірнеше рет жазғанбыз. Театр құрамындағы өнерпаздардың есту қабілеті кем жандар. Петропавлда осындай жандарды оқытатын мектеп-интернат бар, өнерпаздар сол мектептің түлектері. Олар бұрын да бірнеше халықаралық конкурстарға қатысып, жеңімпаз болған.
Театрдың жетекшісі Ольга Ростовщикова былтыр «Құрмет» орденімен марапатталған. Осы конкурста оның қойылымындағы «Аманат» биі «Халықтық стиль» номинациясы бойынша бас бәйгені алды. Музыканы құлағымен емес денесімен сезінетін, жүрегімен еститін жандар басқа екі Гран-приді де оның басқаруымен иеленді.
Петропавл