
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы 15 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама негізінен ауылдағы кадр тапшылығы шешуге бағытталған. Бұл жоба арқылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласына, сондай-ақ жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару органдарына жас мамандарды тарту көзделген.
Жобаға қатысушыларға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беріледі. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді. Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт - ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеуі қажет.
2023 жылғы 1 сәуірден бері жобаны іске асыру жөніндегі агент «Отбасы банк» АҚ. Цифрландыру мақсатында өтінім беру мен кредит алудың барлық процесі Baspana Market — otbasybank.kz/programm-bank платформасында толықтай автоматтандырылған.
Жоба іске асырылған 2009-2024 жылдары 114 мыңнан астам маман 23,6 млрд теңгеге көтерме жәрдемақы алған. 52 мыңнан астам маман 189,5 млрд теңге сомасына бюджеттік кредитті пайдаланды.
Біржолғы көтерме жәрдемақы алушылардың құрылымы:
- Білім беру саласындағы мамандар-78 мың адам (68,3%);
- Денсаулық сақтау қызметкерлері — 24,4 мың адам (21,4%);
- Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-6,9 мың адам (6%);
- Ауыл шаруашылығы мамандары-4 мың адам (3,5%);
- Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-900-ге жуық адам (0,8%).
Тұрғын үй кредитін алушылардың құрылымы:
- Білім беру саласындағы мамандар-35,1 мың адам (67,1%);
- Денсаулық сақтау мамандары — 11,6 мың адам (22,2%);
- Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-3,4 мың адам (6,4%);
- Ауыл шаруашылығы мамандары-1,9 мың адам (3,6%);
- Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-360-тан астам адам (0,7%).