Мәдениет • 30 Сәуір, 2025

Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрмеге Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына, ғылыми еңбектеріне қатысты құнды жәдігерлер қойылған. Олардың қатарында ғалымның қолжазбалары, ғылыми еңбектері, Ресей Географиялық қоғамының мүшелігіне қабылданғаны туралы дипломның көшірмесі, сондай-ақ жеке заттары – бөркі, мылтықтың дүмі, Қашғар экспедициясынан әкелінген қытай вазасы, жорық торсығы, мыс кесе, зерлі белдік сынды тарихи бұйымдар бар.

Көрмеге ұсынылған жәдігерлер Орталық мемлекеттік музей мен «Алтынемел» мемориалдық музей-қорының қорларынан алынған.

Көрменің ерекшелігі – Шоқан Уәлихановтың туыстарына тиесілі жеке бұйымдардың алғаш рет көпшілікке ұсынылуы. Солардың ішінде қарындасы Тәжібай киген сирек аққу қауырсынын тігілген шапан, Бәдүгүл апасының бешпенті, сондай-ақ белгілі кеңестік суретші Н. Я. Третьяков салған Шоқан портреті ерекше қызығушылық тудырды.

Іс-шара аясында «Шоқанның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтіп, оған тарихшы, философ, этнограф, географ және музейтанушы ғалымдар қатысты. Олар ғалымның ғылыми мұрасының маңызын саралап, оның қазақ руханияты мен ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі туралы баяндамалар жасады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15