Мереке • Кеше

Майдангер медицина қызметкерлеріне арналған көрме өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан  медицина университетінде  осы оқу орнында еңбек еткен екінші дүниежүзілік соғыс  майдангерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды.

Майдангер медицина қызметкерлеріне арналған көрме өтті

Мұнда жауынгерлердің соғыс кезіндегі құжаттары, тұтынған жеке заттары, хаттары, фотосуреттері мен  майдан газеттерінің қиындылары қойылды, деп хабарлайды egemen.kz.

Жиналғандарға майдан шебінде жауған оттың астында жүріп жараланғандарды құтқарған  санитарлар мен фельдшерлер,  әскери госпитальдарда  жаралыларға ота жасап тұрған дәрігерлер бейнеленген фото деректер көрсетілді. Сондай-ақ көрмеге қойылған жарылған  мина, залалсыздандырылған граната, зениттік патрондар, снаряд ұшқындары, газ маскасы  көпшіліктің назарын аударды.1

 Көрме аясында университет музейі мен  «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы»  бірлестігі қолдауымен   БҚМУ оқытушылары мен студенттері арасында ұйымдастырылған  соғыс ардагеріне хат  және  сурет байқауының қорытындысы  жарияланды. «Майдангерге  хат» байқауынан университеттің гистология кафедрасының оқытушысы Қуаныш Байтенов үздік шықса,  Жеңістің 80 жылдығына арналған сурет байқауынан  педиатрия факультетінің 2 курс студенті  Жанар Жақсылыққызы жүлделі орынды иеленді.а

 Ақтөбе облысы.