
Фото: Ерлан ОМАР, «EQ»
Қазір бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат көлемі 437 мың теңгені құрайды. 1 қыркүйектен бастап ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады.
«Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түскен табыс білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталады деп жоспарланып отыр.