Экология • Кеше

Кейінгі үш жылда неше түп көшет отырғызылды?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді.

Кейінгі үш жылда неше түп көшет отырғызылды?

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, 2021-2024 жылдары республика бойынша барлығы 1 млрд 150 млн ағаш отырғызылды.

Тапсырманың орындалу мерзімі ұзартылуына байланысты ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.

Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады.

  • Көшеттердің жасы - 1-2 ж.;
  • Биіктігі тұқымына қарай: жапырақты 10-30 см,
  • Қылқан жапырақты ағаштарда 15-50 см.

- екпе көшеттер ормандарды қалпына келтіруде, сондай-ақ үлкен аумақтарда, материал бағасының төмендігі қажет болатын жаппай отырғызу кезінде қолданылады;

- республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман питомнигі бар, онда қазіргі уақытта 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі;

- орман заңнамасында мемлекеттік орман қорында аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынады.