
Қуаттылығы жылына 2,0 млн тоннаны құрайтын ірі жобаның инвестиция құны 130,0 млрд теңге. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік және зауыт алды аймағында жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар орнатылып жатыр. Бюджеттік қаражат есебінен барлық қажетті инфрақұрылым тартылған, 1,2 шақырым автожол және 14 шақырым теміржол төселіп, пайдалануға берілген. Жоспар бойынша инвестициялық жобаның II кезеңі 2026 жылдың соңына дейін толық аяқталады. Жаңа мұнай өңдеу зауытында жылына 377,8 мың тонна «Еуро-5» бензині, 426 мың тонна «Еуро-6» дизелі өндіріледі.
Айта кетелік, соңғы 2 жылда облыс экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Жыл басынан 196,5 млрд теңге инвестиция тартылды.
Түркістан облысы