Президент • 07 Мамыр, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады

Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді. 

1


Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам «Этноауылда» cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.

 

t.me/aqorda_resmi

Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:18

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:40