
Фото: forbes.kz
Осы жағдайға байланысты 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін және Алматы – Мумбаи – Алматы бағыты бойынша KC 291/292 рейстері орындалмайды.
Әуе компаниясы осы рейстерге билет алған жолаушыларға қаражат толық қайтарылатынын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін боламыз», делінген Air Astana хабарламасында.
Компаниядан осы мәселеге қатысты ақпарат алу үшін мына нөмірлерге хабарласуға болады:
help.airastana.com
+7 727 244 4477
+7 7172 584477
+7 702 702 4477
Рейстердің кешігуі бойынша жедел желі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com