
Фото: gov.kz
Осы мақсатта қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовтың үйіне арнайы барған.
Олар ардагерге көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырды.
Ал іс-шара аумағына өту үшін арнайы әзірленген тізім соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің туыстарының тікелей өтініштері бойынша жасақталған.
«Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ», делінген әкімдік хабарламасында.
Астана әкімдігі Теңдік Изақов пен оның жақындарынан болған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады.