
Маңғыстау облысында күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары болады.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауады. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, кей жерде екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі болады.
Атырау облысында солтүстігі, оңтүстігі және шығысында найзағай болады, күндіз солтүстігі мен шығысында бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары.
Алматы облысында күндіз батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік пен орталықта өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысында түнде оңтүстігі мен шығысында, күндіз бүкіл облыс аумағында найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз 15-20 м/с екпінімен соғады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында өрт қаупі жоғары. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі.
Ұлытау облысында түнде шығыс пен орталықта найзағай, күндіз найзағай, солтүстік пен шығыста бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін. Өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысында түнде батысы мен оңтүстігінде, күндіз көптеген аудада найзағай болады. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысында орталығы мен таулы аудандарында күндіз найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары, батысында төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысында күндіз батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысында найзағай, күндіз батысы мен солтүстігінде бұршақ жауады деп болжанып отыр. Жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай, бұршақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Оралда найзағай, бұршақ, жел екпіні 18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Абай облысында жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін ыстық. Өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында түнде батысы, солтүстігі және оңтүстігінде, күндіз көптеген ауданда найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде тұман түседі. Найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп болжанып отыр. Жел 15-25 м/с.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел екпіні 15-18 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай болады. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.