
Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы
Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға 54 келіде Кенже Мұратұлы көтерілді. 3 раундтық жекпе-жекте отандасымыз қырғыз боксшысы Зафарбек Камиловқа есе жіберді. Төрешілердің басым ұпайын иеленген қарсылас келесі кезеңге жолдама алды.
60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Нұрислам Қалдыбаев Азия додасын жеңіспен бастады. Ол жекпе-жектің екінші раундында Непалдан келген боксшы Вангди Шерпты екі рет нокдаунға жіберді.
Енді ел боксшысы жартылай финал жолдамасын IBA бейтарап командасының өкілі Ахмад Мұхаммедке қарсы сарапқа салады.
Әйелдер арасындағы айқастағы 50 келіде Гүлнар Тұрапбай Сауд Арабиясының спортшысы Яра Аламриді қиындықсыз қапы қалдырды. Ол Азия біріншілігінде өзінің чемпиондық атағын қорғау үшін барын салмақ.