Қаржы • Бүгін, 18:06

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистикалық бюро Қазақстандағы 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жалақы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Статистикаға сәйкес, орташа жалақы (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) 2025 жылдың бірінші тоқсанында 300 307 теңгені құрады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алмағанда, орташа атаулы жалақы осы кезеңде 423 133 теңгені құрады. 2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 10,7 пайызды құрады.

«2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және коммуникация саласында – 31,3 пайызға, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 17,3 пайызға, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 16,1 пайызға өсті», делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада. 

Өңірлік мәнде орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында (19,4 пайызға), Қостанай облысында (14,6 пайызға) және Алматы қаласында (14,2 пайызға) байқалды.