
Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешовтің айтуынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша 117 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылыпты.
Іс-шара аясында кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін 33 ата-ана да профилактикалық есепке алынған.
Полицейлер кәмелеттің жасқа толмағандар мен оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасын табатынын айтады.