
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Құрама 2024–2025 оқу жылындағы республикалық химия олимпиадасының жеңімпаздары арасынан іріктелген. Барлық қатысушылар жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім беру жүйесінің, сондай-ақ дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейін паш етті.
Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.
Күміс жүлде иеленгендер:
- Данияр Базарбай – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
- Меңдіғали Қалдыбай – 10 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
- Аңсар Жақсылықов – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
- Арен Теңізбаев – 10 сынып оқушысы, №9 «Білім-Инновация» лицейі, Қызылорда облысы;
- Санжар Қалиақбар – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Қарағанды облысы;
- Қали Әбілмансұр – 10 сынып оқушысы, Назарбаева зияткерлік мектебі, Астана қаласы;
- Райымбек Ғабдолла – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы.
Қола жүлде иеленгендер:
- Айзере Жеңісханова – 10 сынып оқушысы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы;
- Нұрқожа Умарбаев – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
- Ярослава Кравчук – 11 сынып оқушысы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Павлодар қаласы;
- Алихан Серікұлы – 11 сынып оқушысы, «Haileybury Almaty» мектебі, Алматы қаласы.
Команданың жетекшілері — Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.