Оқиға • Бүгін, 13:00

Көліктен 300-ден астам киік мүйізі табылған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңсыз сауда  Жетісу облысы аумағында болған, деп жазады Egemen.kz

Көліктен 300-ден астам киік мүйізі табылған

Фото: Polisia.kz

Киік мүйіздерін  сатумен айналысты деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғыны ұсталған. Subaru автокөлігін тінту барысында скотчпен оралған үш картон қораптан табылған 300-ден астам киік мүйізі тәркіленіп, сот сараптамасына жіберілген.

Polisia.kz-тің ақпараты бойынша, күдіктіні – Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен және ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментімен бірлесіп ұстаған, алдын ала есептеулерге сәйкес мемлекетке келтірілген шығын көлемі 539 миллион 667 мың теңгені құраған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.