Үкімет • 13 Мамыр, 2025

Ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиялары енгізіледі

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде вегетациялық маусым әдеттегіден 20 күн бұрын басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиялары енгізіледі

Фото: dairynews.today

Бұған көктемгі ауа райының жылы болуы әсер еткен. Осы егін маусымында топырақ ылғалдығылы жеткіліксіз болғандықтан, оңтүстік өңірлерде егістіктердің су тұтынуы 50 пайызға артқан. Министр бұл жағдай суару көздеріне қосымша ауыртпалық түсіретінін айтты

«Қазақстандағы жалпы су тұтынудың 60%-дан астамы ауыл шаруашылығына тиесілі. Жыл сайын суару үшін пайдаланылатын 12 текше метр судың 98%-ы оңтүстік бес аймақта тұтынылады», деді Нұржан Нұржігітов. 

Министр келтірген дерекке сай 1 сәуірдегі жағдай бойынша оңтүстік өңірлердің су қоймаларында 26 млрд текше метр су жиналған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171 млн текше метрге аз.

Осыған байланысты Үкімет басшысы ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмысын жандандыруды тапсырды.

Олжас Бектенов климаттық сын-қатерлердің күшеюі мен қолжетімді су қорларының қысқаруы жағдайында диқандарды қажетті су ресурстарымен қамтамасыз етуге жүйелі тәсіл қажеттігіне назар аударды.

«Ылғалды көп талап ететін дақылдарға тәуелділікті азайту шараларын қабылдау, ғылыми институттарды жұмылдыра отырып, шаруалардың құрғақшылыққа төзімді агротехнологияларға көшуі бойынша жер-жерде түсіндіру жұмыстарын жандандыру керек.
Дегенмен, ауа райының ықтимал қолайсыз болуы болашақ егіннің сапасы мен көлеміне әсер етпеуі керек. Тиісті шараларды алдын ала қабылдау қажет», деді  Олжас Бектенов.

Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қаржы министрлігі, облыс әкімдіктерімен бірлесіп, су тапшылығы қаупі жоғары өңірлерді басым тәртіппен қаржыландыруды және диқандардың тамшылатып және жаңбырлатып суаруға көшуін ынталандыру жөніндегі шаралар кешенін көздей отырып, ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмысын жандандыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35