Аймақтар • Кеше

Ертіс өзенінде суға батып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марқұмның денесі оқиға болған жерден 150 километр қашықтықта табылған. Оны Железин ауылы маңында жергілікті тұрғындар байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертіс өзенінде суға батып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды

12 сәуір күні түнде Ертіс өзенінде жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпаған ер адамның денесі арада бір ай өткенде табылды.

- 13 мамыр күні сағат 14.00-де Железин ауылынан 8 км қашықтықта Ертіс өзенінің жайылмасынан ер адамның денесі табылды. Оны жергілікті тұрғындар байқаған. Марқұмның денесін құтқарушылар судан алып шығып, туыстарына көрсеткен.

Туыстары 12 сәуірде Тереңкөл ауданының Береговой ауылы маңында суға батып кеткен ер адамның денесі екенін растады,-деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, марқұмның денесін қатты ағыс оқиға болған жерден шамамен 140-150 километрге алып кеткен. Бұған дейін іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар эхолоттарды пайдалана отырып, Ертіс өзенінің түбіне тексеру жүргізіп, жағалаулар тексерілген болатын. 50-ден астам сүңгуірлік жұмыстар жүргізіліп, олардың барысында шамамен 700 шаршы метр зерттелген.

Мамандардың айтуынша, іздеу жұмыстарына судың қатты ағыны мен лайлы болуы, судың жайылуы кедергі келтірген.

Павлодар облысы