
Фото: Ашық дереккөз
Ерболат Қуанышов 13 жыл бойы асықтан коллекция жинаған. Қазір оның үйінің жанындағы шеберхана-сарайы шағын көрмеге айналған. Айта кетейік, мұнда келушілерге арнайы экскурсия ұйымдастырылады.
«Мен бұл асықтарды он екі жыл бойы өз шеберханамда жинадым. Енді осы бастамамды кеңейтіп, әлемдік деңгейге шығарғым келеді. Қазір Гиннестің рекордтар кітабына өтініш бердік, үш ай ішінде жауап келеді. Егер рекорд орнасақ, облыс орталығында асықтардан мүсін жасап шығару жоспарда бар. Бұл не үлкен асық, не сиырдың пішіні болуы мүмкін. Мұндай дүние әлемде бұрын-соңды болмаған», деді Ерболат Қуанышов.
Ақтөбелік тұрғынның коллекциясында тек топай асықтар емес, сонымен қатар сирек кездесетін, тегі белгілі қой асықтары, сондай-ақ жауырын, омыртқа, қабырға мен мүйізден жасалған шамдар да бар.