
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан биыл Қазақстанның су саласының 120 маманы өтетіні көзделген. Аталған курстарды ұйымдастыру Қытай тарапының қаражаты есебінен болғандықтан, іс-шараны ұйымдастыруға ҚР-ның мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінбеген.
«Қазақстан мамандары Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да елдермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтырғыдай, биыл да Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары өтеді. 2025 жылы бұл курстардан шамамен 1000 маман өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.