
Сарапшылардың пайымдауынша, бұл өсім – мұнай өнімдеріне деген ішкі және сыртқы нарықтардағы тұрақты сұраныс пен өндірістік қуаттылықтың артуының айғағы. Мұнай өңдеу зауыттары жаңа технологияларды енгізу мен тиімді жоспарлау арқылы өндірісті жаңа белеске көтеріп отыр.
Қара алтынды кешенді өңдеу нәтижесінде елімізде жанармай өндірісі едәуір ұлғайды. Атап айтқанда:
-
автомобиль бензині – 25,4 пайызға өсіп, 2,082 млн тоннаға жетті;
-
дизель отыны – 18,9 пайызға артып, 1,921 млн тоннаны құрады;
-
авиациялық керосин – 5,3 пайыздық өсіммен 0,255 млн тоннаға жетті.
Бұл көрсеткіштер – ішкі нарықты сапалы жанармаймен қамтамасыз ету ісінің дұрыс жолға қойылғанын аңғартады. Сонымен қатар, экспорттық әлеуетті арттыруға да мүмкіндік туып отыр.
Энергетика министрлігі тарапынан бұл салада жүйелі әрі ұзақ мерзімді стратегиялық шаралар қолға алынған. Оның ішінде: мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толық қамту, сондай-ақ кәсіпорындардың технологиялық жаңғыруын жеделдету сынды бағыттар бар.
Бүгінде еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары – энергетикалық қауіпсіздіктің маңызды тіректерінің бірі. Олардың тұрақты жұмысы – тек отандық өндірістің емес, тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың алғышарты.