Спорт • 15 Мамыр, 2025

Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 5 бірдей медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Фото: ҰОК

Ел қоржынына алтын жүлдені 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Хамзаальпер Ромашкин мен 65 келіден жоғары салмақтағы Жантөре Сағынғали салды. Сонымен қатар, 57 келіге дейінгі салмақта Аятжан Әмірханов күміс медаль иеленсе, Алла Цой (47 кг) мен Аида Ғожалымова (51 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.

Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте Қазақстан 87 мемлекеттің арасынан үздік үштікке еніп, екінші орынға жайғасты.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз суының құпиясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

Найзағай қалай пайда болады?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Өсімдіктер де есте сақтайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Сүтемген салған соқпақпен

Байқау • Бүгін, 08:10

Алып кимешек

Аймақтар • Бүгін, 08:00