Аймақтар • Кеше

Бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адамның денесі табылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адамның денесі табылды

10 мамыр күні сағат 15:15 шамасында Жетісу облысы Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылының маңында 1989 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталған. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннен өтпек болған кезінде Көксу өзеніне құлап, ағыс алып кеткен.

11 мамыр күні таңғы сағат 06:30-дан бастап ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оған ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды. Барлығы 98 адам және 22 бірлік техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар мен спутниктік байланыс тартылды.

Бүгін Кербұлақ ауданында жоғалған әскери қызметкерді іздеу жұмыстары аяқталды.15 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, оқиға болған жерден 15 шақырым төмен қарай Көксу өзенінен ТЖД-ның Оперативті-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін судан тауып, жағаға шығарды. Табылған кезде үстінде киімнің бір бөлігі болған. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне табысталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күн бойы табиғи және ауа райының күрделі жағдайында жүргізілді. Операцияға барлығы жүзге жуық адам және 22 техника бірлігі жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖД күштері, әскери полиция, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, әскери бөлімдер және марқұмның туыстары қатысты.