
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Енді өңірлік кезеңге қатысу үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен педагог өзінің идеясын жазбаша негіздеп, мазмұны мен өзектілігін сипаттауы қажет. Ал республикалық кезеңге өткен соң, педагогикалық идеяны бейнематериал ретінде ұсынуы тиіс", - деп түсіндірді министрлік.
Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.
Конкурс ережелерімен толығырақ танысу үшін мынау сілтемеге өту қажет.