Қазақстанның бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері Елбасының жүрер жолды, кездесуі мүмкін әртүрлі ықпалдар мен оларды болдырмау шараларын алдын ала ұзақ мерзімді және тиімді, нақты бағдарлап-бағамдауына тікелей байланысты. Бұл бағытта бізге жасақталып, жүзеге асырылу үстіндегі мемлекеттік бағдарламалар, жоспарлар жолбасшы болуда. Барша қазақстандықтар Мемлекет басшысының тапсырмаларын өзара бірлікпен тиянақты жүзеге асыру арқылы тәуелсіз Қазақстанның дамуына, ондағы тұрақтылыққа қызмет етіп келеміз. Жаһандық экономикалық қиындықтармен қоса қабат өрбіп, әлемдік жойқын зардаптарға соқтыруы мүмкін, қазірдің өзінде ересектер тұрмақ, балалардың өзінің санасына қорқыныш ұялатып үлгерген түрлі тұрақсыздық иінінде Қазақстан таңдаған жол – бейбітшілік, ел ішінде және сыртқы көршілермен татулықты сақтау. Сыртқы саясатты осы бағытта ұстана отырып, ішкі мақсат-мүддеміз Отанымызды нығайта түсу, әлемдегі алдыңғы қатарда дамыған 30 елдің санатына енгізу болып табылады.
Мемлекет басшысы Президенттік қызметке қайта сайлана салысымен, бұған дейін өзі бастамашы болған серпінді жоспарларын жүзеге асыруды екпінді түрде қолға алды. Оның бірі тез арада Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы болды. Бұдан жаһандық жағдайларға қатысты туындаған сын-қатердің алдын алу, сондай-ақ, еліміздегі «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырып, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізу үшін бес халықтық реформаны жоғары деңгейде жүзеге асыру қажеттігі уақыт күттірмейтіндігін аңғардық. Құрамына білікті азаматтар енген комиссия бес институттық реформаны жүзеге асырушы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік секторының жұмысын үйлестіріп, бағыт беріп және қадағалап отыратын, сондай-ақ, қауіпсіздікті, тыныштық пен дамуды қамтамасыз ету жолындағы зор жұмыстардың бел ортасындағы қозғаушы тетік болмақ. Ауқымды міндеттерді құзырына алған аталмыш комиссияның құрылуы және Мемлекеттік құрылыстың одан арғы нақты 100 қадамының әзірленетіндігі – Қазақстан мемлекетінің болашағы үшін қажетті қадамдар.
Бекбол БАЗАРБАЕВ,
Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы.
АҚТАУ.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10