
Өңір жолдарында кезекшілік ететін негізгі патрульдік автокөліктерден бөлек, қосымша бекеттер қойылды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғалары жиілеп кетуінің басты себебі – жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтай бермейді. Жол тәртібін бұзғандардың ішінде жылдамдықты асырғандар немесе жол үстінде қауіпті маневр жасағандар көп кездеседі.
«Қазір өңірде «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Басты міндет – жол ережесін жиі бұзатындарды анықтау. Сондай-ақ, жүргізушілерге жол тәртібін сақтаудың маңызды екенін түсіндіру. Жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, адам өмірін сақтау. Біз барлық жол қозғалысына қатысушыларды жауапкершілікке және ережелерді сақтауға шақырамыз», дейді Қостанай облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Елдар Сүйіндіков.
Қостанай облысы