Оқиға • 19 Мамыр, 2025

Мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі сотталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі сот мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты үкім шығарды. Ол қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Сот үкіміне сәйкес, Қожағапановқа өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда, сондай-ақ сот, жергілікті басқару құрылымдары мен Ұлттық банк жүйесінде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынған.

Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы вице-министр 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық форумды ұйымдастыруға бөлінген қаражаттың бір бөлігі тиімсіз жұмсалған. Мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. 

Аталған іс аясында SUCCESS агенттігінің басшысы Ляззат Көккөзова да жауапқа тартылып, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.

Сот екі сотталушының тергеу кезінде қамауда өткізген уақытын жаза мерзіміне қоса есептеген. Айыптау тарабы Қожағапановқа 7 жыл, ал Көккөзоваға 8 жыл түрме жазасын және мүлкін тәркілеуді сұраған.