Медицина • Кеше

«Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бүгін «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жыл ішінде аталған пойыз 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, 123 шалғай ауыл-стансаларда тоқтап, шамамен 90 мыңнан астам адам медициналық көмек алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Айта кетсек, жоба жүзеге асқан 15 жыл ішінде 800 мыңнан астам адам, олардың әрбір бесіншісі – бала, дәрігерлерден көмек алған. Хирургтер шамамен 37 мың ота жасапты. Былтыр пойыз дәрігерлері 104 250 пациентті қабылдаған екен.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бригада құрамында 36 білікті дәрігер – терапевтер, хирургтер, педиатрлар, невропатологтар, рентгенологтар, кардиологтар, стоматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, онколог-маммологтар, гинекологтар, урологтар бар. Дәрігерлер алғашқы тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда хирургиялық шағын оталар жасайды. Бұған қоса, диагностика жүргізу үшін медициналық пойыз ЭКГ, УДЗ, флюорограф, гастрофиброскоп секілді қажетті зертханалық және құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Медициналық пойыздың нақты қозғалыс кестесі www.medpoezd.kz сайтында жарияланған.