Бизнес • Бүгін, 01:15

Омарташылық та жақсы кәсіп

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы  №51  кәсіптік дайындау колледжінде омарташы мамандығын дайындау былтыр қолға алынған.

Омарташылық та жақсы кәсіп

Бұл аталған кәсіпті игерушілерді дайындайтын республикамыздағы жалғыз оқу орыны. Қазір онда 30 адам оқып, омарташылықты игеруде.

Оқу мерзімі 1 жыл 10 ай. Солтүстіктің жазығында гүлді шөптер көп өсетіндіктен бұл кәсіппен айнылысқысы келетіндер көптеп табылуда.

Оқудың негізгі бөлігі тәжірбиелік сағаттар. Оқуға түскен азаматтар омартаны қалай құрудың әдіс-тәсілдерін далада үйренеді. Аналық, аталық, жұмысшы араларды қалай айыруға болатыны – бәр-бәрі практикалық тұрғыдан көрсетіледі. Бір кг бал жинау үшін бұл еңбекқор жәндіктер 8 млн гүлге қонып, нектарын жинайды. Әлем халықтары араны сол үшін де құрметтейді. Дәл бүгін Халықаралық аралар күні деп белгіленгені де содан. 

Солтүстік Қазақстан облысы