АСТАНА. 3 тамыз. Бас прокуратура Мемлекет басшысы жариялаған бес институционалдық реформаларды және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қадағалау органы мемлекеттік басқару, сот төрелігі, сондай-ақ, заң үстемдігі қағидасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын әзірледі және оларды Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия қолдады. Атап айтқанда, алқабилер институтын жетілдіру, тергеу әрекеттеріне санкция беру жөніндегі прокуратураның функцияларын біртіндеп тергеу судьяларына беру, азаматтық-құқықтық даулардың жекелеген санаттары бойынша прокурорлардың сотқа қатысуын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Сонымен қатар, бас прокурор атап өткендей, көзделген мақсаттарды тиімді жүзеге асыру қалың жұртшылықтың қатысуынсыз және олардың қолдауынсыз мүмкін емес. Көп жағдайда түпкі нәтиже реформалардың негізіне алынған идеяларды халықтың қалай қабылдағанынан және оларды қолдағанынан тәуелді болады. Сондықтан біздің азаматтардың осы жұмысқа белсенді қатысқандары маңызды болып табылады.
Бүгін «Құқық қорғау органдарын реформалау» атты интернет-сайт іске қосылды (www.pro.kz). Онда кез-келген азамат құқық қорғау жүйесін реформалау және заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады. Интернет-платформаны құрудың басты мақсаты – халықты құқық қорғау органдарын жаңғырту жөніндегі жұмысқа тарту, құқықтық жүйені сапалы жаңарту мәселелеріне бей-жай қарамайтын азаматтардың барлығымен сындарлы сұхбат жасау болып табылады
Сайтты пайдаланушыларға тиімді болуы үшін форумда үш бөлім қарастырылған. Біріншісі азаматтардың құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты реформаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын жинау үшін құрылған. Екінші бөлімде азаматтар Ұлт жоспарының орындалуына бағытталған ұлттық заңнаманы реформалау бойынша ұсыныстарын қалдыра алады. Үшінші бөлімде халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибені ескере отырып құқық қорғау органдарының реформасын жүргізу бойынша ұсыныстар жинақталып, талқыланады. Сайтта жұмыс істеу тәртібі сәйкес нұсқаулықта мұқият көрсетілген, осыны басшылыққа ала отырып тақырып ашуға болады немесе бұрын жасалған тақырыптарға пікір қалдыруға мүмкіндік бар.
Бас прокуратура барлық қазақстандықты жалпыұлттық жоспарды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысуға, құқық қорғау жүйесін жаңғырту туралы пікір білдіруге және шаралар ұсынуға шақырады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.
• 03 Тамыз, 2015
Құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі сайт іске қосылды

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25