
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда 22–23 мамыр аралығында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Жаттығу төтенше жағдайлар кезіндегі басқару органдары мен азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биылғы оқу-жаттығудың үйлестіру және басқару орталығы осы өңірде орналасқан. 22 мамыр күні сағат 9:00-де ел аумағында дабыл белгісі қосылып, жүйенің техникалық дайындығы тексеріледі.Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды. Бұл – алдын ала жоспарланған оқу-жаттығу екенін ескертеді.
Сондай-ақ жаттығу аясында шекара маңындағы аумақтарда орман және дала өрттерін сөндіруге бағытталған іс-қимылдар да пысықталады. Бұл жұмыстарға Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен техникасы да жұмылдырылады.
Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ 2 курс студенті