Мәдениет • 21 Мамыр, 2025

Ақмолалық «Орда» этно-ансамблі Франкфурт-на-Майн қаласында өнер көрсетеді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында Ақмола облысының этно-фольклорлық «Орда» ансамблінің концерті өтеді.

Ақмолалық «Орда» этно-ансамблі Франкфурт-на-Майн қаласында өнер көрсетеді

«Орда» этно-ансамблі – Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармониясы жанынан 2024 жылы құрылған жаңа шығармашылық ұжым. Ансамбльдің басты мақсаты – қазақтың музыкалық мұрасын заманауи өңдеуде кеңінен насихаттау. Ұжым құрамында дәстүрлі және қазіргі заманғы музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын жеті дарынды мультиинструменталист өнерпаз бар.

Франкфурт қаласындағы бұл концерт – ансамбльдің алғашқы ауқымды халықаралық гастрольдік жобасы болмақ. Шара барысында қазақтың халық әуендері мен неміс сахнасының нәзік эстетикасы үйлесім тауып, көрермендерге өзгеше музыкалық сапар ұсынады.

Көкшетау.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00