
фото: ашық дереккөз
Бұл көрмені сұлулықты жаны сүйетін, меценат кәсіпкер Елена Мащинская осыдан екі жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырған еді. Сұм ажал биыл жаны жайсаң жанды ортамыздан алып кетті. Бірақ, оның бастамасын аяқсыз қалдырғысы келмеген ізін жалғастырушылар алдағы уақытта мұндай көрмені еліміздің өзге қалаларында да ұйымдастыруды көздеп отыр.
– Біз өзімізден бастайық деп шештік. Көптеген гүл дүкендері қатысты. Сонымен қатар, Астана қаласынан Денис Лободаны шақырдық. Мықты флорист. Ол шеберлік сабағын өткізеді, – дейді көрмені ұйымдастырушы Марал Кенжахимова.
Көрмені ұйымдастыруға көптеген серіктестер атсалысты. Келесі көрме Щучинск қаласына өтеді.