Экономика • Бүгін, 11:35

Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау аясы кеңіді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкерліктің кеңге қанат жаюына көп кедергі бар дегенмен, ұлттың өркениетке қарайғы талабы мен талпынысы бұл жолда тап болған барлық тосқынды талқандап өтіп барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау аясы кеңіді

Фото: Ашық дереккөз

Өткен жылы ел экономикасындағы шағын және орта бизнестіңтің үлесі 39,7%-ға дейін өсті. Бұл елдегі кәсіпкерліктің еркін дами бастағанын көрсетеді. Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі былтыр 275,2 млрд теңге бизнесті жеңілдетілген қаржыландыруға бағытталғанын айтты.

Бүгінде ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 4,4 млн-нан астам адамды құрайды. Осыған қарап, елімізде кәсіпкерлік мәдениеті қалыптаса бастағанының куәсі боламыз. Мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша 17 мыңнан астам бизнес жобасы шамамен 1 трлн теңге несие сомасына субсидияланды.

Былтырғы жыл қорытындысы бойынша кепілдікті қолдау 8 мың жобаға қолғабыс болған. Департамент директорының сөзіне илансақ, өткен жылы 15 мың сервистік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ бизнесті жүргізудің түрлі мәселелері бойынша 135 мыңнан астам консультация беріліпті. Енді кез-келген көлемдегі – кішкентайдан үлкенге дейінгі компаниялар жеткілікті кепіл болмаған жағдайда да қаржыландыруды тарта алады.

Шенеуніктердің шын сөзі деп білсек, бұдан былай ШОБ үшін 7 млрд теңгеге дейінгі кепілдіктер жеңілдетілген рәсім бойынша – небәрі 2 күнде әзір болады. Бұл игіліктермен қатар, жылдық 12,6% жеңілдікті қаржыландырудың жаңа бағдарламасы мұқият әзірленуде. Жаңа бағдарлама кәсіпкерлердің кеңге көсілуіне барлық жағдайды жасайды деген үміт зор.