Спорт • 22 Мамыр, 2025

Тимур Тұрсымбаев Азия дзюдо одағының басшылық қызметіне тағайындалды

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы дзюдо федерациясының президенті, отандық «Жеңіс» клубының президенті Тимур Тұрсымбаев Азия дзюдо одағының (Judo Union of Asia, JUA) маркетинг пен даму бойынша директоры болып тағайындалды.

Тимур Тұрсымбаев Азия дзюдо одағының басшылық қызметіне тағайындалды

Дзюдо күресінен әлемдік және құрлықтық деңгейдегі ұйымдардың басшылық қызметінде қазақ мамандарының көбеюуі көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені, Олимпия ойындары мен әлем чемпионаты, Азия ойындары мен біріншіліктері және басқа да аса ірі халықаралық жарыстарда балуандарымызға қиянат жасалған жағдайда оларға араша түсіп, ақырынып теңдік сұрайтын тау тұлғалар бар. Мәселен, Алмас Әлсенов есімді азамат біраз жылдан бері Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) президентінің көмекшісі қызметін атқаруда. Міне, енді басшылық қызметке Тимур Тұрсымбаев тағайындалды.

Тимур Төлеутайұлы күрестің бұл түрінде кездейсоқ адам емес. Ол Қарағанды облысында дзюдоның дамуына елеулі үлес қосты. Республикалық деңгейде де мойындалды. Тұрсымбаев алғашқы күндерден бастап, 2022 жылы құрылған отандық «Жеңіс» клубының тізігінін ұстап, талай игі-істің басы-қасында жүрді. Ол Алмас Әлсеновпен иық тіресе жұмыс істеп, Қарағанды облысындағы барлық дзюдо залдарына татами сатып әперіп, қажеті құралдармен жабдықтады. Балуандар мен бапкерлерді халықаралық стандарттарға сай спорттық киімдермен қамтымасыз етті. Оған қоса әр ай сайын қосымша тағам, қажетті витамин және дәрі-дәрумендер әперіп тұрады. Бір сөзбен айтсақ, қазіргі кезде Қарағанды облысының құрама командасы мен «Жеңіс» кәсіпқой клубы мүшелерінің еш алаңсыз жаттығуына барлық жағдай жасалған. Ал дзюдошылар өз кезегінде жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен атқарып, түрлі байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілуде. Бір ғана мысал, 2023 жылдың желтоқсан айында Алматыда «Жеңіс» клубының жүлдесі үшін аса ірі халықаралық турнир ұйымдастырылды. Бұл бәсекеде 11 мемлекеттен келген 17 команда күш сынасты. Сол жарыста «Жеңістің» сапындағы сайыпқырандар жасындай жарқылдады. Сондай-ақ, былтыр Париж Олимпиадасында атой салған Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев та дәл сол клубының мүшесі екенін де жанкүйерлер жақсы біледі.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025