
Фото: primeminister.kz
Кездесу барысында тараптар Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды талқылады.
Қазақстанда қуаты жылына 340 млн литр сусын, жалпы құны $250 млн-нан астам, 500 жұмыс орнын ашу көзделген алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша Carlsberg Group пен PepsiCo компаниясының бірлескен жаңа жобасын іске асыру жоспарланып жатыр.
Дания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Й.Вар жоғары технологиялық өндірістік кешенді құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын едәуір арттыруға, ілеспе салалардың дамуын ынталандыруға, отандық тауар өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын ашуға, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретініне сендірді.