Президент • 24 Мамыр, 2025

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

– Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтитын бұл тарихи құжат қазақ-әзербайжан байланысын дамытудағы маңызды кезеңнің басталғанын айқындап, көптеген сала бойынша өзара ықпалдастықты нығайтуға берік негіз қалады. Бірлескен күш-жігер арқылы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін халықтарымыздың игілігі жолында пайдаланамыз деп сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35