Оқиға • 26 Мамыр, 2025

Самара-Шымкент тас жолындағы жол апатынан үш адам қаза тапты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үш адамның өмірін қиған жол апаты 25 мамырда Самара-Шымкент тас жолының 507-ші шақырымында болған. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самара-Шымкент тас жолындағы жол апатынан үш адам қаза тапты

Полиция мәліметінше, Toyota Camry 60 көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдары бейнежазбаға түсірілген.

«Жол апатының салдарынан Toyota Camry 60 көлігінің бір жолаушысы және Toyota Camry 40 көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктегі тағы үш адам, оның ішінде жүргізуші де бар, ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Павлодарда жол апатынан бес адам зардап шеккен болатын. Зардап шеккендердің екеуі – балалар. Автокөлік қозғалыс кезінде тұтанып кеткен.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше