Аймақтар • 27 Мамыр, 2025

Ұлытау облысында ҰҚК-нің жаңа ғимараты ашылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Ұлытау облысы, Қаражал қаласында алғашқы республикалық маңызы бар әкімшілік ғимарат ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлытау облысында ҰҚК-нің жаңа ғимараты ашылды

Фото: ашық дереккөз

Бүгінге дейін облыс өңірінде  осындай заманауи стандарттарға сай келетін әкімшілік ғимараттар бой көтермеген.

Аталған нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік құрылымдарына арналған.

Жаңа ғимарат заманауи техникалармен жабдықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне өз міндеттерін мінсіз атқаруға мүмкіншілік жасалған.

Қаражал қаласы төрт ірі облыстың Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының түйіскен қиылысында орналасқан. Сондықтан бұл жерде қауіпсіздік құрылымдарының сапалы жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау аса қажет.

Мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқықтық тәртіпті нығайтуда ҰҚ қызметкерлері қырағылық таныта бермек.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025