
Фото: ашық дереккөз
«Қызылорда облысы бойынша 60 мың гектар аумақ зерттелді. Оның 18 мың гектарын химиялық өңдеу қажет. Қазіргі таңда 11 700 гектар жер өңделді. Бұл жұмыстың барынша тез аяқталуын және сапалы орындалуын жеке бақылауымда ұстаймын», деді министр.
Облыста жоспарланған 19,654 мың гектардың 11,706 мың гектары өңделген. Зиянкестерге қарсы күреске 4 жеңіл ұшақ, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті агрегат, 5 дрон және 45 арқаға асылатын бүріккіш құрал қолданылып жатыр. Өңдеуге жататын болжамды жалпы аумақ 60,024 мың гектар болып отыр. Жоспарланған алаңдар бойынша жеткізуші ұйымдармен келісім-шарт жасалған.
Үйлестіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің орынбасары басқаратын жедел штаб құрылды. Мұндай штабтар барлық ауданда жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде мониторинг пен бақылауға 279 маман тартылған. Бүгінгі күнге дейін 474,1 мың гектар жер зерттеліп, үйірлі шегірткенің дернәсілдері анықталды. Дегенмен, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келгені тіркелген жоқ.
Ауданнан кейін министр облыс орталығында өткен республикалық штаб отырысына қатысты.