
Фото: Жоғарғы сот
Олар балаға қару көрсетіп, психологиялық қысым жасау арқылы 4 миллион теңгені иемденген.
Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғандары да қолға түскен.
Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденіп, қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілген.
Үкім заңды күшіне енді.