ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында экономика ғылымының докторы, профессор, Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ғылыми кеңесінің мүшесі Сергей Календжян «Өкілеттілік пен жауапкершілікті табыстау арқылы басқару» тақырыбында семинар өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталмыш шараға шағын және орта бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.
Жалпы, кәсіпкерлер палатасы аймақ кәсіпкерлерінің біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, осы кезге дейін кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Amanie Advisors» компаниясының ТМД бойынша атқарушы директоры, Ислам қаржысы саласында кәсіби түрде жұмыс істеп жүрген еліміздегі бірден бір маман Едіге Алпысбай «Исламдағы «өсім» түсінігі және қаржылық құралдар», Германияның халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс экономикалық қорының бағдарламасы аясында SES қызметінен келген эксперт Юрген Штефан Пфайффер маркетингтік стратегия бойынша, Almaty Management University бірінші дәрежелі бизнес-тренерлер Озат Байсеркеев пен Татьяна Иссык адами капиталды дамыту бағытында семинарлар мен мастер-кластар өткізді.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 06 Мамыр, 2015
Қызылордалық кәсіпкерлер ресейлік ғалымнан дәріс алды

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше