Спорт • 29 Мамыр, 2025

Жарыс күнделігі: жүзу

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал спортшы Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында ұйымдастырылған халықаралық турнирде екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. 50, 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қандасымыз күміс медаль иеленді.

Жарыс күнделігі: жүзу
  • Бангкокта өтіп жатқан «Thailand Open-2025» турнирінің үшінші күні тағы бірнеше боксшымыз шаршы алаң­ға шықты. Күндізгі сессияда Ораз­бек Асылқұлов (60 кг) жергілікті был­ғары қолғап шебері Тханпхансакон Каласирден ұтылса, Назерке Серік (65 кг) Танаи Сомнуекке жол берді. Да­нияр Рақымбердиев (90 кг) украиналық Евгения Павловскийді жеңді. Кешкі бағдарламада Төрехан Сабырхан (70 кг) филиппиндік Рональд Чавеске шаң қаптырса, Виктория Графеева (60 кг) сингапурлық Занн Чиге сан соқтырды. Даниял Сапарбай (+92 кг) үндістандық Аншул Гиллге есе жіберді.
  • Францияның Сен-Моресінде шы­мылдығы түрілген Әлем кубогінің кезең­дік сайысында еліміздің семсер­лесушілері сәтсіз өнер көрсетті. Шпага­шылардың бәсекесінде ең үздік нәтижеге Руслан Құрбанов қол жеткізді. Ол 17-орын­­ды қанағат тұтты. Командалық жа­рыс­­та жерлестеріміз 13-сатыға табан тіреді.
  • 28–31 мамыр аралығында Өзбекстанның бас шаһарында үстел теннисінен жас өрендер арасында «WTT Youth Contender Tashkent 2025» халықаралық турнирі өтеді. Аталған дода­да Аустралия, Әзербайжан, Гру­зия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Малайзия, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбек­стан құрамалары бақ сынайды. Таш­кент төрінде еліміздің намысын 67 ойыншы қорғайды. Олардың қатарында Алан Құрманғалиев, Жәния Бекмұхамбетова, Әлбина Жақсылықова, Назерке Болатбек, Шохина Миркодирова, Дагир Данияров сынды танымал спортшылар бар.
Соңғы жаңалықтар

Самокат мінгендерге айыппұл салынады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:05