ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 мамыр. Алматы облысы Қапшағай қаласындағы Даңқ Мемориалы жанында Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алуға арналған митинг болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еске алу шарасына соғыс ардагерлері, әскери қызметкерлер мен интернационалист жауынгерлер, Қазақстандағы Ресей консулдығының өкілдері және жетісулықтар қатысты. Салтанатты жиында белгіленген тәртіпке орай еліміздің көк байрағы желбіреп, әнұраны шырқалған соң, мәңгілік алау тұтатылды. Волоколамск қаласынан арнайы әкелінген жер капсуласы орнатылып, гүл шоқтары қойылды. «Жеңіс күні – бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл сол Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмаған арыстарымызды еске алатын күн», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев.
Нұрбол Әлдібаев
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 06 Мамыр, 2015
Жетісулықтар Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алды

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше