Аймақтар • 01 Маусым, 2025

Көкшетауда жаңа демалыс аймағы ашылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күні Көкшетауда ақ түйенің қарны жарылған әдемі оқиға болды. Қала іргесіндегі Қопа көлінің жағалауындағы балалардың дем алуына арналған нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда жаңа демалыс аймағы ашылды

Құрылыс жұмысы сегіз айға созылды. Нысан үш бөлікке бөлінген. Орталық серуен аймағында велосипед жолы, көлеңкелі орындар, демалыс алаңдары қарастырылған, шығыс бөлігінде памп-трек, спорт алаңдары салынса, батыс жақ жағалауда амфитеатр, сахна мен дәмхана бар. Жалпы ұзындығы 6,3 шақырым.

Ашылу салтанатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Тәжікстан мен Түркістан облысынан келген ауыл шаруашылығы ұжымдары 330 тоннадан астам өнім ұсынды. Дәл осы уақытта жаңадан салынған 12 шақырымдық велосипед жолымен шеру басталды. Велошеруге облыс әкімі Марат Ахметжанов та қатысты.

Қуанышқа бөленген балаларға тегін 1,5 тонна балмұздақ таратылды. Бұл оқиға Қазақстан рекордтар кітабына енген ұлттық рекорд ретінде тіркелді.

Шара соңында еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен қызғылықты концерт ұйымдастырылды.

Көкшетау